Ақпанда «Оңай» картасымен 17 млн транзакция жасалды - Алматы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматыда «Оңай» картасымен ақпан айында құны 1 млрд теңге болатын 17 млн транзакция жасалды. Бұл туралы «Алматы» транспорты холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мəліметінше, ақпан айына 1 024 083 карта сатылды. Олардың 424 897-сі жеңілдікпен берілсе, 599 186 бірыңғай көлік картасы таратылды.
Бірыңғай көлік картасы бойынша құны 796,9 млн теңге болатын 7,2 млн транзакция жасалды.
Жеңілдікпен берілетін карталар бойынша құны 274 млн теңгенің болатын 7, 2 млн транзакция жасалды.
Айта кету керек, Алматыда 1 наурыздан бастап «ОҢАЙ» электронды жол жүру билеттері сатыла бастады. Жол жүру билеттерінің 4 түрі бар. Жолау-шылар барлық санаттағы азаматтарға арналған, мектеп оқушыларына, сту-денттерге, зейнеткерлерге арналған жол жүру билеттерін пайдалана алады.
Бірыңғай жол жүру картасының құны 7 200 теңге болса, əлеуметтік жол жүру картасының құны - 2 000 тенге, оқушылардың билеті 1 000 теңге, студенттер үшін жол жүру билеті 3 000 теңге тұрады.
Аталған электронды билеттерді айдың алғашқы 15 күнінде «QIWI» арқылы толықтырып, келесі айларда да қолдануға болады.