Ақпанда жұмысқа 77,2 мың адам қабылданды - Статистика

АСТАНА. 19 наурыз. қазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес ағымдағы жылғы ақпанда ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 77,2 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 70,8 мың адам жұмыстан кетті,
None
None

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінен.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 76,7 пайыз, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 3,0, басқа себептер бойынша 20,3 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылғы ақпанда қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,4 пайызға, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,2, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,7 пайызға тек болды. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 109,1 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар