Ақпандағы бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы 78083 теңгені құрады - Статистика

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - 2011 жылғы ақпандағы бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы 78083 теңгені құрады және өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 17,7,

Ақпандағы бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы 78083 теңгені құрады - Статистика

нақты көріністе 8,2 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері бұрынғыдай қаржы және сақтандыру қызметінде 167,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде - 146,8 мың теңге (1,9 есе), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 141,3 мың теңге (1,8 есе) көлемінде сақталуда. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде 33,3 мың теңге көлемінде. Бұл республика бойынша көрсеткіштен орта есеппен 57,4 пайызға аз.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында - 155,71 мың теңге. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2 есеге артық. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 52 мың теңгені құрайды әрі республикалық орташа деңгейден 33,4 пайызға төмен.