Ақпанның 15-16-сынан бастап Қазақстанның барлық аймақтарында ауа температурасының көтерілуі күтілуде - Қазгидромет
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Ақпанның 15-16-сынан бастап Қазақстанның орталығы мен шығысында аяз бәсеңдейді, ал республиканың оңтүстік және батыс бөліктерінде - ауаның температурасы көтеріледі.
Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК жетекші инженері-синоптик Татьяна Худякова мәлім етті.
Оның айтуынша, шығыс және орталық Қазақстандағы ұзаққа созылған аяз Арктика алабынан келген белсенді және қуатты антициклонмен, ауа ағысымен байланысты. «Егер өткен жылдары антициклон жиі өзгеріп, Алтантикадан жылы ауа ағысының лебі Қазақстан аумағына еніп отырды. Ал биыл Арктикадағы салқындық бізге атлантикалық жылы ауаның енуіне бөгет жасады», - деді Т.Худякова.
«Қазгидрометтің алдын ала мәліметтері бойынша, ақпанның 15-16-сынан бастап антициклон бұзылып, шығысқа қарай ауысады, соның нәтижесінде Қазақстанға жылы ауа ағысы келе бастайды. «Бұдан кейін қайтадан антицилон басталып, салқындық түсуі мүмкін», - деді Т.Худякова.
Қазгидрометте атап өткеніндей, ең төменгі температура - 45 градусқа дейін - Шығыс Қазақстан аумағында сақталады. Сондай-ақ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында ауа райы төмендеп тұр.
Бүгін Астанада ең төменгі температура 33,6 градус болды, 1969 жылғы ақпанның 10-ында термометр бағаны 40 градусқа дейін төмендеген болатын. Қазақстанның жаңа елордасы аумағындағы абсолюттік ең төменгі температура 1893 жылы тіркелді, онда ауаның температурасы минус 52 градусқа жеткен болатын.