Ақпанның 18-іне дейін Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 8341 азаматтан құжаттар қабылданды ? Е.Қабылдин

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қаңтардың 28-і мен ақпанның 18-і аралығында Мемлекеттің тұрғын үй қорынан баспаналы болуға барлығы 8341 азамат өтініш берді.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының директоры Ерікболат Қабылдин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі қаңтардың 28-інен бастап елордадағы «Жастар» сарайында азаматтардан құжаттар қабылдау жүріп жатыр. Ғимараттың бірінші қабатында құжаттарды жинау бойынша кеңес беретін мамандар, екінші қабатта құжаттарды қабылдаумен айналысатын 42 маман отыр. Е.Қабылдиннің атап көрсеткеніндей, биыл бұрынғы жылдардағыдай дүрлікпе жоқ. Себебі, тұрғын үйлерді үлестіруде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Үкіметтің 2008 жылғы шілденің 19-ында бекіткен жаңа Ережесіне сәйкес, азаматтар өтініштерін алғашқылардың қатарында болып тапсыруға міндетті емес. Оның үстіне, құжаттарды өзі жұмыс істейтін мекеменің кадр бөліміне де тапсыруларына болады. Қаңтардың 28-і мен ақпанның 18-і аралығында жас отбасылардан ? 1517, мемлекеттік қызметкерлерден - 2917, бюджеттік сала қызметкерлерінен - 2190, мемлекеттік кәсіпорындардан ? 1354, жекеменшік құрылымдар мен түрлі ЖШС, ЖАҚ-тарда істейтін азаматтардан 363, барлығы 8341 өтініш келіп түсті. Наурыздың 28-іне дейін 30 мыңға жуық өтініш түседі деп күтілуде. «Қазір арнайы құрылған сарапшылық топ, азаматтардың еңбек өтілдерінің дұрыс есептелгендігін және басқа да мәліметтердің шынайылығын тексеріп, баллдарды белгілеумен айналысып жатыр. Алдын ала мәліметтерді өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін тұрғын үй комиссиясы бекітіп, шешім шығаратын болады», - деді ол. Тұрғын үй комиссиясының құрамында - қалалық мәслихаттың екі депутаты, Тұрғын үй басқармасының мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандары әкімдерінің орынбасарлары бар.
Соңғы жаңалықтар