17:57, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақпанның 4-5-інде Алматыда «Біз - интернационалистерміз!» атты халықаралық акция өтеді
АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы еліміздің Ауған соғысы ардагерлері одағымен бірлесіп, Кеңес жауынгерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 20 жыл толуына орай кешенді шаралар жоспарын әзірледі.

Соған сәйкес, ақпанның 4-5-інде Алматыда «Біз ? интернационалистерміз!» атты ТМД мен шетелдік жауынгерлік-интернационалистік ұйымдардың халықаралық акциясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл шараға достастық елдеріндегі Ауған соғысы ардагерлері одағының жетекшілері мен мүшелері, сондай-ақ Мәскеуден ТМД жауынгер-интернационалистерінің істері жөніндегі комитет төрағасы Руслан Аушев қатысады деп күтілуде.«Алғашқы күнІ 28-панфиловшылар саябағында салтанатты жиын өтеді. Осыдан кейін халықаралык конференция өз жұмысын бастайды. Дәл осы күні акцияға қатысушылардың «Нұр Отан» ХДП басшыларымен кездесуі жоспарланып отыр. Ал шараның екінші күні ардагерлер мектеп оқушыларымен, жоғары оқу орындарының студенттерімен жүздеседі, тәрбиелік мәні зор басқосулар ұйымдастырып, «Ерлік сабағын» өткізеді», - деді «Нұр Отан» ХДП-ның кезекті брифингінде партияның ресми өкілі Оксана Петерс.