Ақпанның 4-і мен наурыздың 4-і аралығында «Алтын жүрек» айлығы өтеді

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Ақпанның 4-і мен наурыздың 4-і аралығында «Нұр Отан» ХДП-ның Ақтөбедегі филиалы «Алтын жүрек» айлығын өткізеді.
None
None
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП брифингінде партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Аталмыш айлықтың мақсаты ? жүрек ақауымен туылған нәрестелерге көмек қолын созу. Шара Ақтөбенің барлық аумағын қамтиды. Арнайы баспасөз мәслихаты өткізіліп, денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен әлеуметтік бейнеролик дайындалады», - деді партияның ресми өкілі.Оксана Петерстің айтуынша, «Нұр Отан» партиясының депутаттары туғаннан жүрегі дімкәс балалардың отбасы мүшелерімен кездеседі. Сондай-ақ білім, денсаулық саласы ұжымдарында жиындар өткізіліп, қайырымдылық концерттері ұйымдастырылады. Осы бағыттағы игі істердің бірі ретінде айта кететін жайт, таяуда партия Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаевқа Еркебұлан Қадыров деген азамат көмек көрсету жөнінде өтініш түсірген еді. Ол аса қауіпті ісік ауруына шалдыққан. «Нұр Отан» партиясының осы мәселені жедел қолға алуының нәтижесінде Еркебұлан мен оның әкесі Германияның Минден қаласына жеткізілді. Жол шығыны мен емделуге қажет қаражатты партия өз мойнына алды. Қазір Еркебұланды операцияға дайындап жатыр. «Нұр Отан» ХДП Германиядағы Қазақстан елшілігімен және Еркебұланның емдеуші дәрігерімен үнемі тығыз байланыста», - дейді партияның ресми өкілі.
Соңғы жаңалықтар