Ақпанның алғашқы күндері солтүстікте аяз, оңтүстікте жаңбырлы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 31 қаңтар-2 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпанның алғашқы күндері солтүстікте аяз, оңтүстікте жаңбырлы болады

Республиканың солтүстік жартысы әлі де жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады.

Осыған байланысты аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ал елдің оңтүстік жартысында ауа райын оңтүстік циклон анықтайды.

Салдарынан жауын-шашын жауады.

2 ақпанда қатты жаңбыр жауады және ауа температурасы 5-12 градус жылыға дейін жоғарылайды.