Ақпанның əрбір күнінде қазақстандықтарға 16 Lada сатылып отырған

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның "ҚазАвтоӨнеркəсіп" автокөлік саласындағы кəсіпкерлер одағы 2017 жылдың ақпан айында Қазақстан нарығында сатылған жаңа көліктер санын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ақпан айында Қазақстандағы ресми дилерлердің орталықтары 2567 көлік сатқан екен.  Жалпы, жыл басынан бері Қазақстан азаматтары жалпы құны 114 млн доллар тұратын 4855 жаңа көлік сатып алған.

Қазақстандықтар арасында сұранысқа ие автокөлік маркасы - Lada. 2017 жылдың ақпан айында Lada маркалы 467 көлік сатылған. Яғни, ақпанның əрбір күнінде орташа есеппен 16 Lada сатылып отырған. Қазақстандықтардың арасында сұранысқа ие екінші марка - Toyota компаниясының көліктері. Ақпанда 465 Toyota маркалы көлік сатылған. Үшінші орында Renault маркасының көліктері тұр, ақпанда еліміз бойынша су жаңа 238 Renault көліктері сатылған. Төртінші орында  Ravon маркасы (ақпанда 159 көлік), ал бесінші орында Hyundai (154 көлік) маркасы тұр.

Соңғы жаңалықтар