Ақпарат құралдарындағы тілге және өзге де мәселелерге қатысты заңнама талаптарының орындалуы жіті назарда болады - Бас прокуратура

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатының және «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» заңының сақталуына мониторинг жүргізу мәселесін Бас прокуратура да бақылап отыр.
None
None

Бұл бағытта прокуратура органдары ақпарат құралдарындағы тілге қатысты ғана емес, өзге де заңдардың сақталуын қадағалауда. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қандай да бір ақпарат құралы тарапынан еліміздің заңдарының бұзылуына жол берілсе, прокуратура тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар беріп, заңды бұзған мекеме мен олардың меншік иелерін жауапқа тарту жөнінде жұмыстар жүргізіп отыр. «Ал Елбасының тапсырмасынан кейін бұл бағыттағы жұмыстар жіті назарға алынады. Тілге қатысты заңнама талаптары бұзылған жағдайда ақпарат құралына оның меншік иесіне қарамастан, заңмен белгіленген жауапкершілік жүктеледі», деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар