Ақпарат құралдарының өкілдері дағдарыс жағдайында мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіре білулері керек - сенатор

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -«Бүгін бізге барлық күш-жігерді инфрақұрылымды дамыту ісіне жұмсау қажет.
None
None
Яғни үлкен құрылыс жұмыстарын жүргізуден гөрі еліміздегі жолдар мен ғимараттарды, тұрғын үйлерді жөндеуден өткізген дұрыс. Бүгін сенатор Әділ Ахметов Елбасының Жолдауына көрсетілген мәселелерге байланысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сенатордың айтуынша, аталған шаралар аясында елімізде көптеген жұмыс орындарын ашуға болады. «Сонымен қатар Елбасы сөзінде ақпарат құралдарының өкілдеріне сенім артты. Төртінші билік саналатын ақпарат құралының өкілдері елдегі қалыптасқан жағдай мен оған қатысты мемлекет жүргізіп отырған саясатты халыққа дұрыс түсіндірулері керек», деп атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар