Ақпарат министрлігі «зиянды» контентпен күресудің жолдарын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі Интернеттегі заңға қайшы контентпен күресудің жолдарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Интернет-ресурстар мен əлеуметтік желілер

 

Министрлік интернет кеңістігіне күні-түні мониторинг жүргізетінін айтты. Егер де интернет-ресурстардың бірінде заңға қайшы материалдар шықса, жекеменшік иесіне ескерту қағазы жіберіледі екен.

"Заңсыз материалдарды өшіру мəселесін жедел шешу үшін Министрлік ең танымал шетелдік əлеуметтік желілердің əкімшілігімен байланыс орнатқан", - деп хабарлады бүгін Министрліктің байланыс, ақпараттандыру жəне БАҚ салаларын мемлекеттік бақылау комитетінің төраға орынбасары Михаил Комиссаров.

Мəселен, 2016 жылы 110 мыңнан аса заңға қайшы материал жойылған екен. Ал, 2017 жылдың басынан бері "ВКонтаете" жəне Инстаграм желілерінде суицидке итермелейтін материалдары бар 237 парақша бұғатталған.

Мессенджерлер

"Ерте ме, кеш пе, сол əлеуметтік желідегі заңға қайшы ақпарат мессенджер арқылы жəне керісінше мессенджерден қайта əлеуметтік желіге тарап кетеді. Сондай ақпараттар анықталған жағдайда біз уəкілетті органды, яғни, ішкі істер министрлігін құлағдар етеміз. Ішкі істер министрлігі тараған ақпараттың рас-өтірігін тексереді", - деді Комиссаров.

VPN жəне анонимайзерлер

Комиссаровтың айтуынша, бұғатталған сайттардың осындай түрлерімен күресу - интернеттегі бақылаудың ең қиыны.

"Заңға қайшы контентпен күресу тұрғысында біз техникалық мүмкіндігімізді жетілдірген сайын бұғатталған сайттарды ашатын, қайтадан заңсыз контент толтыратын балама жолдар шыға келеді. Мысалы,  VPN немесе анонимайзерлер. Дегенмен, анонимайзерлердің мəселесін шештік деуге болады, алайда, оларды анықтаған сайын, қайта пайда бола беретіні де шындық", - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар