Ақпарат-насихат тобы Жолдауды түсіндіру мақсатында Түлкібас ауданына келді
Аудан әкімшілігінің үлкен залында өткен жиынға мекеме қызметкерлері, жастар, мұғалімдер және ауыл тұрғындары қатысты. Мемлекет басшысының жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы Жолдауда қойылған міндеттердің маңызын түсіндіріп өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев жүргізіп отырды. Басқосуда облыстық насихат тобының мүшелері, бүгінде барша қазақстанда жолдаудағы алдымызға қойылған міндеттердің орындалып жатқанын және жолдауды насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу баршамыздың міндетіміз екенін атап өтті. Сонымен қатар пікір алмасуға келіп отырған азаматтарға алғыстарын білдірді.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек, Ә.Науайы атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Абзал Абсеметов, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Фархат Дуанабеков жарыссөзге шығып, өз пікірін білдірді.