18:37, 28 Наурыз 2016 | GMT +5
Ақпарат саласындағы қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша ҰҚШҰ елдерінің өзара іс-қимылы туралы хаттама ратификацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ақпарат саласындағы қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.