18:01, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды.
Бұл туралы министр Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі ресми парақшасында хабарлады.
«Қадірлі достар! Біздің министрліктің баспасөз хатшысы - ресми өкілі Арсен Бектасовпен таныс болыңыздар. БАҚ-пен байланыс бойынша барлық мәселеге қатысты енді тікелей оған хабарласуларыңызға болады. Жас болғанымен, Арсен - осы саланың білікті маманы. Ортақ істе оның табысты қызмет етуіне және Сіздердің қолдауларыңызға ие болуына тілектеспін!» -деп жазған министр Д.Абаев.