Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік саясат және саланың әлемдік трендтері талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы бірлесіп онлайн форматта «Ақпаратқа қол жеткізудің мемлекеттік саясаты: Қазақстандағы жағдай және әлемдік трендтер» атты дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында ҚР АҚДМ мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рақымов жоба туралы егжей-тегжейлі айтып берді
«Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қолжетімділік саласының жүз жылдығы туралы жылдық есеп» және оның негізгі тезистерін таныстырды.
«Мемлекеттік басқарудағы ашық және үлкен деректер» тақырыбымен Ресейдің деректер нарығына қатысушылар қауымдастығының басшысы Иван Бегтин сөз сөйледі.
Трансляцияны мына сілтемеде көруге болады.