Ақпаратқа құқық - бұл адамзаттың іргелі құқықтарының бірі - Ж. Асанов

АНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ақпаратқа құқық - бұл адамзаттың іргелі құқықтарының бірі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Ақпаратқа қол жетімділік мәселесін заңнамалық реттеу саласындағы елдердің озық тәжірибесі» атты тақырыптағы дөңгелек үстел барысында Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Жақып Асанов осылай мәлім етті.

Ақпаратқа құқық - бұл адамзаттың іргелі құқықтарының бірі - Ж. Асанов

«Ақпаратқа қолжетімділік - демократиялық мемлекеттің маңызды атрибуттарының бірі. Бұл мәселе кез келген өркениетті, демократиялық қоғам үшін өзекті. Сонымен қатар, жариялық ақпаратқа қолжетімділік соңғы уақытта Қазақстанда кеңінен талқыға түсіп отырған маңызды мәселелердің бірі. Бұл түсінікті. Өйткені, ақпаратқа құқық - бұл адамзаттың іргелі құқықтарының бірі», - деді Ж. Асанов.

Депутаттың айтуынша, Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері адамның құқы мен бостандығын қорғауға бағытталған бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырып келеді. Оның ішінде, азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері де қамтылып отыр. «Бүгінгі күні қазақстандықтардың үштен бірі интернетпен үнемі жұмыс істейді. Ғаламтор күн өткен сайын ең қолжетімді ақпарат көзіне айналып отыр», -деді депутат.