Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жаңа бейне-порталды таныстырды

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бейне-порталдың (www.kaztube.kz) таныстырылымын өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, аталған порталда телевизиялық бағдарламалар, танымал адамдардың жеке мұрағаттары мен отандық өнердің түсірілімдері, ертегілер, қысқа метражды анимациялық фильмдер орналастырылуда. Сондай-ақ порталда тіркелген әрбір пайдаланушы өзінің жеке бейнекөріністерін енгізе алады. Агенттіктің мәліметіне қарағанда, онда тек ойын-сауық бейнекөріністерімен қатар танымдық материалдарды орналастыру қарастырылып отыр. Осы орайда еліміздің іргелі жоғары оқу орындары оқытушыларының дәрістерін бейнетүсірілім арқылы порталда тарату жөнінде келіссөздер жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар