13:48, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Интернет желісінің болашағына арналған конференция өткізеді
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін, мамырдың 26-сында ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев Интернет-конференция өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, он-лайн режіміндегі жүздесу барысында агенттік төрағасы еліміздегі Интернет желісінің болашағы, жаңа технологиялар саласындағы отандық компанияларға Үкімет тарапынан бөлінетін қаржы ресурстарының мөлшері және тағы басқа www.bnews.kz порталына келіп түскен сауалдарға жауап бермек. Интернет конференция кешкі сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін болмақ.