Ақпараттық кеңістікте бірлік пен келісім идеяларын кеңінен дәріптеу маңызды — Тоқаев

АСТАНА. KAZINFORM — Ақпараттық кеңістікте бірлік пен келісім идеяларын кеңінен дәріптеу маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

— Ақпараттық кеңістікте бірлік пен келісім идеяларын кеңінен дәріптеу маңызды. Бұл — Ассамблеяның барлық құрылымына, әсіресе, журналистер клубына қатысты кезек күттірмейтін міндет. Салалық министрлік, өңір әкімдері ҚХА журналистер клубының құрамына жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қосып, клуб жұмысының бірыңғай алгоритмін жасауы керек. Қазақстандағы этностардың тілінде шығатын, ең алдымен, өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдарына жүйелі түрде қолдау көрсеткен жөн, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІV сессиясы өтіп жатыр.

.

Соңғы жаңалықтар