Ақпараттық-коммуникациялық саланың ішкі жалпы өнімдегі үлес салмағын 5 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр - ҚР Ақпараттандыру агенттігі

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2014 жылда еліміздегі ақпараттық-коммуникациялық саланың ішкі жалпы өнімдегі үлес салмағын  5 пайызға дейін жеткізу көзделген.

Ақпараттық-коммуникациялық саланың ішкі жалпы өнімдегі үлес салмағын  5 пайызға дейін жеткізу көзделіп  отыр - ҚР Ақпараттандыру агенттігі

 Бұл туралы бүгін ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің жауапты хатшысы Болат Махамбетажиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 3,3 пайызға тең. «Алдағы 4 жылда Қазақстанның ақпараттық -коммуникациялық саласының негізгі үш саласы - телекоммуникациялар, пошта қызметі мен ақпараттық технологияларды дамыту арқылы бұл саланың жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағын 5 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Демек, 2014 жылы оның үлесі 1100 млрд. теңге болмақ», деді Б. Махамбетажиев.

Айта кетейік, қазіргі кезде еліміздің ақпараттық-коммуникациялық саланың ішкі жалпы өнімдегі үлес салмағы 521 млрд. теңгені құрап отыр.