Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар экономикалық дамудың қозғалтқыш күші болып табылады - Дүниежүзілік банк

ВАШИНГТОН.  Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -     Дүниежүзілік банктің   зерттеулері  бойынша,    жедел Интернет  пен ұялы  байланыстың  сапалы    қызметіне кең қолжетімділік экономика мен қоғамның  дамуына үлкен  сеп болады,

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  экономикалық  дамудың   қозғалтқыш күші болып  табылады -  Дүниежүзілік банк

 деп   хабарлайды ҚазАқпарат.

Зерттеу  нәтижесі көрсетіп отырғандай,  интернетке  қосылу  жылдамдығының   10 пайызға   артуы    экономикалық  өсудің  1,3 пайызына сай келеді екен.  Ұялы байланыс та   дамушы әлемдегі мемлекеттік  және   жекеменшік қызметтерді дамытудың    қуатты қозғалтқыш күштерінің бірі  болып    табылады.

Бұл  санаттағы елдерде    Интернетті    тұтынушылардың саны  2000-2007 жылдардың аралығында 10 есеге  артқан.    Ал ұялы байланысты  бүгінде 4 миллиардтан  астам адам    пайдаланады екен.  Аталған  салаларды  дамыту     жастарды   еңбекпен қамтуға,    өнімділік  пен экспортты арттыруға    мол мүмкіндік   жасайды.   Оған қоса ақпараттық-коммуникациялық технологиялар      үкіметтердің   жұмыс тиімділіктерін,  ашықтығын  және  жауапкершілігін арттыруға  сеп болады.