Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында Ұлттық даму институты құрылмақ - А. Жұмағалиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің ақпараттық-технологиялар саалсында Ұлттық даму институты құрылады. Бұл туралы бүгін Мәжiлiсте «Ақпараттандыру туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында Ұлттық даму институты құрылмақ - А. Жұмағалиев

Тоқтала кететін жайт, жаңа редакциядағы заң жобасына сәйкес, ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты құрылатыны айтылған. «Бүгінгі таңда қызмет етіп жатқан «Зерде» холдингi жанынан Ұлттық даму институтын қалыптастыруға болады. Бұл - негізінен Премьер-министр шешiмiмен жүзеге асатын шара. Біз өз кезегімізде қажетті құжаттарды дайындаумен айналысамыз», - деді А.Жұмағалиев.