Ақпараттық-насихаттау топтары Павлодар облысының халқына Жолдау жүктеген міндеттерді түсіндіреді
ПАВЛОДАР. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда облыстық ішкі саясат басқармасының Талдамалық ақпараттар орталығында құрылған ақпараттық-насихаттау топтарының мүшелеріне арналған семинар өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Икемді ақпараттық-насихаттау топтарына этноқұрылымдардың өкілдері, жастар бірлестіктерінің, әлеуметтік-еріктілер орталығының белсенділері кіріп отыр, дейді Талдамалық ақпараттар орталығының директоры Людмила Демесінова. Насихатшылар семинарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жүктеген міндеттердің орындалу барысы туралы мағлұматтар тыңдады. Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Владимир Берковский жаңа жұмыс орындарын құру мен халыққа әлеуметтік қолдаулар көрсету туралы әңгімелеп берді.