Ақпараттық-талдау орталығына А.Байтұрсынұлының есімі берілмек

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы А. Байтұрсынұлы атындағы Білімді зерттеу мен бағалаудың ұлттық орталығы акционерлік қоғамы болып аталсын. Қазіргі уақытта «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Ұлттық білім беру деректер қоры» АЖ көрсеткіштері негізінде білім беру саласындағы зерттеу қызметімен айналысады. Сонымен қоса, талдау жұмыстарын жүргізеді және білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы ұлттық баяндаманы әзірлейді. Орталық Қазақстанда білім сапасын бағалаудың халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне (PISA, PBTS, TALIS, TIMSS, ICILS, PIRLS) қатысуы арқылы білім сапасын бағалауды жүзеге асырады», - деп жазылған қаулыда.
Құжатта көрсетілгендей, бұл бастама Ахмет Байтұрсынұлының ағарту ісіндегі тарихи рөлін ескере отырып ұсынылған. Жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат талап етілмейді.
Қауылыны ашық талқылау 5 желтоқсанға дейін жалғасады.
Ашық көздерден алынған фото