«Ақпараттық технологиялар паркінің» негізгі мақсаты қазақстандық ақпараттық технологиялар өндірісін дамытуға үлес қосу - М.Құсенов

АЛМАТЫ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияларды оқыту сапасын көтеру: жолдары мен мүмкіндіктері» атты І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,

«Ақпараттық технологиялар паркінің» негізгі мақсаты қазақстандық ақпараттық технологиялар өндірісін дамытуға үлес қосу - М.Құсенов

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында осы уақытқа дейін Қазақстанда АТ өндірісі неге дамымаған, Алатау АТ қалашығының ұдайы және қарқынды дамуына неге жол табылмады, біз АТ кадрларын шетелдерде немесе еліміздің нақты экономикалық секторына дайындаймыз ба?- деген сұрақтармен қатар, басқа да өзекті мәселелер қарастырылып, талқыланды.

Сонымен қатар АТ білім беру жүйесін интеграциялау, АТ саласындағы халықаралық стандарттарды, АТ секторы дамуының әлемдік тәжірибелерін енгізудің ең өзекті және шұғыл мәселелері қаралып, баяндамалар оқылды.

«АТ технологияларын оқыту бойынша І халықаралық конференция «Ақпараттық технологиялар паркінің» арнайы экономикалық аумағында өтіп жатыр. Бұл кездейсоқ емес, себебі АТП-нің негізгі мақсаты қазақстандық ақпараттық технологиялар өндірісін дамытуға үлес қосу. Қазақстанда ақпараттық технологияларды қарқынды дамытуға бағытталған түрлі құрылымдардың бірігуі, білім беру мен экономиканың нақты секторларынан бірлескен тиімді топтар құру, өзара қолдау, тәжірибе алмасу жолында тығыз одақ құрудың қажеттілігі туды», дейді Alatau IT city АТП Бас директоры Майлыбек Құсенов.

«Университет өте қысқа мерзім ішінде бірқатар істерді атқарды, атап айтқанда, Carnegie Mellon университеті стратегиялық серіктес болып таңдалды. Бұл университет тек АТ білім беруге ғана емес, бүкіләлемдік АТ саласына стандарттар жасауда. Сонымен қатар әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморондумдарға қол қойылды, біз олардың бизнеспен және мемлекетпен ынтымақтасу тәжірибесін қолдануға дайынбыз», дейді профессор, ХАТУ ректоры Дамир Шыныбеков.

Конференцияға ҚР БҒМ және ҚР АТМ, отандық және шетелдік АТ бизнес өкілдері, қазақстандық ЖОО профессор-оқытушылар құрамы қатысады. Конференцияға жетекші АТ университеттері, Carnegie Mellon, USA, Малайзия университеті, Беларус мемлекеттік технологиялық университеті, Көлік және байланыс институты және т.б. өкілдері қатысты.