Ақпараттық технологиялар саласында қылмыстық әрекеттердің жаңа тәсілдері пайда болды - ІІМ

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ақпараттық технологиялар саласында қылмыстық әрекеттердің жаңа тәсілдері пайда болды. Ақтөбе облысында жерсерігінің көмегімен және қабельдік жүйе арқылы таратылатын телеарналардың кодтарын интернет арқылы табу әрекеттері анықталған.
None
None
Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің Ақпарат және тіл саясаты департаменті таратқан мәліметтерден мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Департамент мәліметтеріне қарағанда, бұл факті ағымдағы жылдың ақпан айының 2-сі мен 6-сы аралығында өткен «Контрафакт» операциясының барысында мәлім болған. Шара барысында ақпараттық технологиялар саласына қатысты 338 қылмыс әшкереленген. Олардың 298 фактісі контрафактілік өнімдерді таратуға қатысты болып отыр. Сондай-ақ 26 факті порнографиялық өнімдер таратуға, 4 факті арнайы техникалық құралдарды сатуға, 2 факті телеарна хабарларын заңсыз таратуға, 2-уі компьютер жүйелеріне заңсыз кіруге, 2-уі заңсыз интернет қызмет көрсетуге, 5-уі банк саласындағы алаяқтықпен байланысты болып отыр. Ал заңсыз айналымнан 40 мың контрафактілік өнімдер алынған. Оның 39 мыңы «СиДи ? ДиВиДи» дискілері. Олардың 63-інде порнографиялық көріністер бейнеленген. Операция барысында контрафактілік өнімдер дайындайтын 7 цех табылған. Заңсыз өнімдерден келген шығын 21 миллион теңгеге бағаланып отыр.
Соңғы жаңалықтар