Ақпейілділер клубы кімдерге жәрдемдеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақпейілділер клубы» еріктілер қоғамының негізін қалаушы Гүлмира Әбдірашева ұйымның қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпейілділер клубы кімдерге жәрдемдеседі

«Біз адамды оқытып, жұмысқа орналастырамыз, ешкімнің ит тіршілікпен өмір сүруіне жол бермейміз. Әрбір адам мемлекетке пайдалы бола білуі керек қой. Біз отбасыны белгілі бір дәрежеге дейін қолдап, жұмысқа орналастырылғаннан кейін ол отбасыға көмектесуді доғарамыз. Ондай адамдарға: «сізге көмектескеніндей, сіз де біреулерге жәрдемдесіңіз деп айтамыз. Біз жақсылықтың қанат жаюын қалаймыз», - дейді Г.Әбдірашева «Мен және менің Ғарышым» атты MediaTalks-тың бейресми конференциясында.

Оның айтуына қарағанда, клуб тек адамдарға емес, үйсіз иттерге де көмектеседі. Қысқасы, еріктілер қоғамының негізін қалаушының айтуынша, кейде иттер адамдарға жәрдемдесіп жататын кездер де кездеседі.

«Бізде мынадай жағдай болды. Иттер адамдарды қайғы шыңырауынан алып шығып жатты. Біздің жобаға 10 ай бұрын күйеуі қайтыс болып кеткен соқыр әйел қатысқан еді. Жарынан айырылғаннан кейін басқа түскен қайғыдан есін жия алмай қалса керек. Әу баста ол ақша жинап, ит сатып алмақ болады, алайда кейін тұқымы асыл емес итті асырап алған. Тұқымы асыл емес иттер, тұқымды иттерден гөрі көбірек қуаныш сыйлайды», - дейді Гүлмира Әбдірашева.

Ақпейілділер клубын мұқтаж адамдарға көмектесем деушілер 2015 жылы құрған. Қазіргі уақытта клубтың құрамында республикасы бойынша 130 мың адам бар.