Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Акробатшы 16 метр биіктіктен круиздік лайнер бассейніне секірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық хай-дайвер Сесили Карлтон (Cesilie Carlton) әлемдегі ең үлкен круиздік лайнер бортында орналасқан бассейнге 16 метр биіктіктен секірді. 

 Акробатшы 16 метр биіктіктен круиздік лайнер бассейніне секірді

Бұл туралы осы көрініс жайлы видеоны жариялаған Daily Mail   жазды.     Роликті   акробатшының әріптесі Сидни Браун (Sydney Brown) түсірген.

Басылым жазғандай, Harmony of the Seas басқа жолаушылар лайнерлерімен салыстырғанда,  әлемдегі ең терең бассейн.  Онда тұрақты түрде хай-дайверлердің қатысуымен, Aqua Theater ойын-сауық көрсетілімдері өтеді. 

Карлтон   2015 жылы    хай-дайвинг бойынша күміс жүлдені иеленген. Ол Қазанда су спорты түрлерінен өткен әлем чемпионатында өз елінің намысын қорғаған болатын.