Акробатшы Алдабергенова «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл!» медалімен марапатталды

Қаракөз қарындасымыз қысқы спорт түлері бойынша қазақ қыздары арасында ең үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда фристайлдың акробатика түрінен Қазақстанның әлем кубогындағы алғашқы медаль Жанбота Алдабергенованың еншісінде. Ол Сочи Олимпиадасында 6-орынды иеленіп, қазақ қыздары арасынан Қысқы Олимпиада ойындарында ең үздік нәтижеге қол жеткізген болатын. Ал өткен жылы Еуропа біріншілігінде және әлем кубогында Жанбота абсолютті чемпион атанды.
Спортшы аруымыздың жетістіктері ел назарынан тыс қалмай, ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл!» мерекелік медалімен марапатталды.
Енді Алдабергенова алдағы келе жатқан Универсиада ойындарынан да жүлде алады деген үміттеміз.