Ақсай қаласында автокөлік қағып кеткен ер адам мерт болды

 Ақсай қаласында автокөлік қағып кеткен ер адам мерт болды
Фото: Polisia.kz

ОРАЛ. KAZINFORM – Ақсай қаласында автокөлік қағып кеткен ер адам қайтыс болды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 маусым күні сағат 03.26-да болды.

«Лада Приора» автокөлігі Железнодорожная көшесімен келе жатып, «Галерея цветов» дүкені тұсында жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпекші болған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан ер адам жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қаза тапты. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік қағып кеткен 15 жастағы жасөспірімнің өте ауыр халде жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар