Ақсай қаласында автокөлік өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласында автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақсай қаласында автокөлік өртенді

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 04.26 шамасында орын алды.

М.Ықсанов көшесі бойындағы 102-үйдің ауласында 1994 жылы шығарылған «Фольксваген Пассат» автокөлігінің мотор бөлігі отқа оранды. Көлік иесі - 1988 жылғы азамат.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға №8 өрт сөндіру бөлімінен 4 адам, 1 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 04.55-те сөндірілді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда газ жабдығы орнатылған автокөліктің өртенгенін жазған болатынбыз.