12:13, 31 Тамыз 2017 | GMT +5
Ақсай қаласында септикке түсіп кеткен жеті жасар қыз көз жұмды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 30 тамыз күні сағат 19-00-дер шамасында Ақсай қаласында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2010 жылғы қыз бала үйінің қасындағы септикке түсіп кеткен. Ол аудандық ауруханаға жатқызылғанымен, есін жимастан, көз жұмды.
Бұл дерек оқыс оқиға ретінде тіркеліп, Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.
Айта кетейік, бұл - Ақсай қаласындағы осындай екінші оқиға. Бұдан бұрын 6 маусым күні сағат 16-00-дер шамасында екі жасар қыз бала кәріз құдығына батып кеткен болатын. Оған қоса 25 сәуір күні Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Үшана елді мекенінде 2013 және 2015 жылғы қос сәби ойнап жүріп, жеке тұрғын үй моншасының септигіне түсіп кетіп, көз жұмған еді.