Ақсайда аяғына оқ тиген 25 жастағы жігіт ауруханаға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласында аяғына оқ тиген 25 жастағы тұрғын ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 5 желтоқсан күні түнде қаланың солтүстік бөлігінде болған.

Сағат 23.50-де 25 жастағы тұрғын атыс жарақатымен Бөрлі аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне түсті.

23 жастағы күдікті ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Мылтық тәркіленді.

Қазіргі кезде оқиғаның неден өрбігені анықталу үстінде. ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөрлі аудандық орталық ауруханасынан түскен мәліметке қарағанда, сол жақ балтырына оқ тиген тұрғынға ота жасалған. Жағдайы орташа деп бағалануда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өгей әкесі 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар