Ақсайда колледж студентін пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында колледж студенті пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 13 қаңтар күні таңда болды.

17 жастағы бозбала Бөрлі аудандық орталық ауруханасына сағат 06.36-да түскен. Сағат 07.12-де ол қайтыс болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, күдіктінің ұсталғанын жеткізді. Ол уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК106-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар