Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ 1 млрд долларға жуық авторлық құқықты бұзған Украина азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ билігі Украина азаматы Артем Ваулинді авторлық құқық иелеріне 1 миллиард доллардан астам шығын келтірді деп айыптады. Бұл туралы «ВВС» агентті хабарлайды.

АҚШ 1 млрд долларға жуық авторлық құқықты бұзған Украина азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады

АҚШ билігі әлемге танымал «Kickass Torrents торрент» сайтының иесі, Украина азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады. АҚШ Әділет министрлігі Харьковтың 30 жастағы тұрғыны Артем Ваулинге авторлық құқықтың бұзылуы, ақша жымқыру және басқа да қылмыстар бойынша айып тағып отыр.

Ваулин сәрсенбі күні Польшада ұсталды. АҚШ оның экстрадациялауына бар күшін салмақ.

«Ваулин ғаламтордағы танымал торрент-сайтты басқарады, онда құны 1 миллиард доллардан асатын контент заңсыз таралып жатыр», - деп мәлімдеді АҚШ бас прокурорының көмекшісі Лесли Колдуэлл.

Әділет министрлігінің айтуынша, Kickass Torrents сайтын ай сайын 50 миллионға жуық адам пайдаланады. Танымалдылығы бойынша, сайт 69-шы орында тұр.

Ваулинге қарсы материалдар Чикаго аймақтық сотына берілді және сот банк шотын, торрент трекерге байланысты жеті домендік атауларды тоқтату туралы шешім қабылдады.