АҚШ 2011 жылы орыс, қытай және үнді тілінде Twitter арнасын ашады - Х.Клинтон
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - АҚШ билігі 2011 жылы орыс, қытай және үнді тілінде Twitter әлеуметтік желісінде арналар ашады.
Бұл туралы Джордж Вашингтон Зерттеу университетінде сөз сөйлеген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон хабарлады, деп жазады РБК.
«Өткен аптада біз араб және парсы тілінде хабарлама жіберуді бастадық. Бұдан бұрын француз және испан тілінде арна ашқан болатынбыз. Енді дәл солай қытай, орыс және үнді тілінде арна жасаймыз. Бұл бізге билік Twitter-ге қолжетімділікті шектемейтін елдердің адамдарымен қарым-қатынас жасауға мүмкiндiк бередi», - деп АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөзінен үзінді келтіреді France24 агенттігі.