АҚШ 2030 жылға қарай Ресей аумағына ғарыштан соққы бере алады

АСТАНА.  Тамыздың  11-і. ҚазАқпарат -  АҚШ  2030 жылға қарай  ғарыштан  Ресейдің бүкіл  аумағына  соққы бере  алады,  деді  сейсенбі күні  журналистерге    берген сұхбатында  Ресей  Әскери-Әуе күштерінің бас қолбасшысы   генерал-полковник  Александр Зелин. 

АҚШ 2030  жылға  қарай Ресей аумағына ғарыштан   соққы бере алады

 Бұл туралы «РИА  «Новости» агенттігі  хабарлады.

 «Шет мемлекеттердің әуе-ғарыштық  шабуылдау   техникаларының  дамуы,  2030   жылға дейін қарулы күрестің  біртұтас  саласы  ретінде    әуе-ғарыш  кеңістігін игеруде  түбегейлі    өзгерістер  болатынын  көрсетіп  отыр»,  деді    генерал-полковник  өз сөзінде.

 «Шет мемлекеттердің, бірінші кезекте  АҚШ-тың Әскери-Әуе күштері 2030 жылға қарай   Ресей Федерациясының  аумағындағы барлық нысаналарға  ғарыштан  аса дәл соққы    беру мүмкіндігіне ие болады»,  деп атап  көрсетті Зелин  өз сөзінде.

 Қолбасшының айтуынша,   ал одан 10 жыл бұрын,     нақтырақ  айтқанда, 2010 жылы   -  Ресейде   Әскери-Ғарыш  қорғанысы  жөніндегі  әскери  күштердің  мүлдем жаңа түрі  құрылатын болады.