АҚШ Аден шығанағында америкалық кемелерге шабуыл жасаған хуситтердің зымырандары мен ұшақтарын жойды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Әскери-теңіз күштерінің эсминецтері хуситтердің йемендік тобы әскери кемелер мен АҚШ-тың үш сауда кемесіне қарсы атқылаған жеті зымыран мен ұшқышсыз басқарылатын ұшақты атып түсірді. Оқиға Аден шығанағында болды, онда америкалық әскери кемелер өздерінің сауда кемелерін алып бара жатқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

АҚШ Аден шығанағында америкалық кемелерге шабуыл жасаған хуситтердің зымырандары мен ұшақтарын жойды
Фото: x.com / CENTCOM

АҚШ Орталық қолбасшылығы (US CENTCOM) жексенбі күні кешке USS Stockdale және USS O’Kane эсминецтері кемеге қарсы үш баллистикалық зымыран, үш ұшқышсыз басқарылатын ұшақ және бір кемеге қарсы қанатты зымыранды атып түсіріп, жойғанын хабарлады. 

Қолбасшылық мәлімдемесінде айтылғандай, шабуылдардан бірде бір кеме, бейбіт тұрғын немесе теңіз күштерінің қызметкері зардап шеккен жоқ. 

Өз кезегінде йемендік хуситтер шабуылдың нысанасы американдық эсминецтер мен «Араб теңізі мен Аден шығанағындағы Америка армиясына тиесілі үш кеме» болғанын айтты. 
Хуситтер өкілі Яхья Саридің жексенбі күні мәлімдеуінше, операцияны теңіз күштері, ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар және зымыран күштері жүргізген.

— Операция он алты баллистикалық және қанатты зымырандар, сондай-ақ Араб теңізі мен Аден шығанағында ұшқышсыз басқарылатын ұшақты қолдану арқылы жүзеге асырылды, соққылар дәл және тура жасалды, — деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар