АҚШ: Ақ үйге таяу жерде химиялық зат тиелген жүк пойызы рельстен шығып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ астанасы Вашингтонда жүк пойызы апатқа ұшырап, он шақты вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлады Би-би-си.
Жүк пойызында сұйық күйдіргіш сода болған, өкінішке қарай цистерналардың бірінде болған химиялық зат төгілген.
Род-Айленд-Авеню метро стансасы маңына өрт сөндірушілер мен федералдық ТЖ қызметкерлері жетті. Оқиға болған аймақтан тұрғындар эвакуацияланбады. Жапа шекендер жоқ.
Айта кетейік, оқиға Ақ үйден 5 км жерде болды.