АҚШ әлемнің 35 ел басшыларының телефондарын заңсыз тыңдаған
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Эдуард Сноуденнің ашқан кезекті құпиялары американдық саясаткерлердің көңіл-күйіне тағы да кірбің түсірді. Енді Ақ үйге ағылшынның Guardian газетінде жарияланған тың материалдар бойынша түсінік беруге тура келеді.
Газет мәліметтері бойынша американдық арнайы қызмет орындары 35 елдің басшылары телефондарын заңсыз тыңдап келген көрінеді. Нақты қандай елдің және кімнің телефонының тыңдалғаны құжатта көрсетілмеген. Бұл туралы РБК хабарлады.