АҚШ: Antares операторы зымыранды ұшу кезіндегі сәтсіздіктен кейін өзі жарып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Antares америкалық зымыран-тасығышын жасап шығарушы және оператор оны ұшыру кезінде ақау шыққанын байқағаннан кейін ракетаны өзі жарып жіберген. Бұл туралы CNN жазады.

АҚШ: Antares операторы зымыранды ұшу кезіндегі сәтсіздіктен кейін өзі жарып жіберген

«Олар Ракетаның елді-мекен аумағына құлайтынын түсінгеннен кейін өзін-өзі жою жүйесін іске қосқан», - деп хабарлады НАСА астронавты Марк Келли.

Cygnus ғарышқа жүк тасушысына тіркелген Antares зымыран-тасығышының апаты 28 қазан күні кешке АҚШ-тың Вирджиния ғарыш айлағынан ұшыру кезінде орын алды. Cygnus халықаралық ғарыш стансасына екі тоннадан астам жүк: азық-түлік, сонымен бірге ғылыми зерттеулер үшін техника мен материалдарды жеткізуі керек еді. Ол ХҒС-мен 2 қараша күні түйіседі деп жоспарланған болатын.