АҚШ апелляциялық соты Қазақстанның пайдасына шығарылған Храпуновтарға қатысты шешімді қайта қараудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Тоғызыншы округі бойынша Апелляциялық соты 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы және Алматы қаласы әкімдігінің пайдасына шығарылған шешіммен аяқталған апелляциялық процесті қайта қарау туралы Виктор Храпунов, оның отбасы мүшелері және олардың компанияларының өтінішін қабылдамай тастады. 
None
None

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспсөз қызметі хабарлады.

Енді Алматы қаласының азаматтық талап арыздары Калифорния штатының Округтік сотында қаралатын болады. Аталған талап-арыздарға сәйкес жауапкерлер Бопсалаумен және жемқорлықпен күрес туралы АҚШ заңын бұзу, Алматы қаласы тұрғындарының мүдделеріне және пайдасына қызмет ету жөніндегі міндетті бұзу, біреудің меншігін заңсыз иемдену және осы мақсатта қылмыстық келісімге түскендігі үшін айыпталып отыр.

Округтік сотта Храпуновтар және олардың компанияларының қылмыстық жолмен алған ақшаны пайдалана отырып, Калифорнияда жылжымайтын мүлік және қымбат көліктерді меншікке алғандығы туралы дәлелдемелер ұсынылатын болады.

Алматы қаласының мүдделерін білдіруді Latham&Watkins LLP (АҚШ) заң консультантымен бірлесе отырып ҚР Әділет министрлігі жүзеге асырады.

 

 

Соңғы жаңалықтар