АҚШ армиясында әйелдер ерлермен бірдей әскери дайындықтан өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет армиядағы әйелдердің тиімділігін тексеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BILD.
Бұл тексеруді Қорғаныс сараптама институты (IDA) жүргізеді, деп хабарлады сейсенбі күні Пентагон өкілі Кингсли Уилсон.
Уилсонның айтуынша, әскерилер арасында біркелкі және гендерлік бейтарап стандарттар сақталуы тиіс, өйткені «рюкзактың немесе адамның салмағы ер мен әйелдер үшін бірдей».
Пентагон дайындық деңгейін төмендетпейді ешқандай квоталар немесе идеологиялық талаптар үшін стандарт өзгертілмейді.
NPR телеарнасының мәліметінше, тексеру алты айға жоспарланған.
Өткен жылы Хегсет жаңа армиялық нормаларды жариялады.
— Ер азамат деңгейіндегі физикалық стандарттарға сай келмейтіндер әскери қызметте басқа позиция немесе жаңа мамандық іздеуі тиіс. Кейбір жауынгерлік мамандықтар стандарттары әйелдерге сай келмесе, бұл өзгермейді, — деді министр.
Дегенмен, таза ерлер құрамында болатын бөлімдер мақсат емес, бірақ мүмкін болатын нәтиже деп атап өтті.
Сыншылардың пікірінше, қазірдің өзінде АҚШ-тың жауынгерлік бөлімдерінде ерлер мен әйелдерге бірдей талаптар қойылады. Алайда Хегсет стандарттарды соншалықты жоғарылатуды жоспарлап отыр, бұл физикалық айырмашылықтарға байланысты әйелдер үшін қол жетпейтін болуы мүмкін.
Мысалы, Navy Seals сияқты элиталық бөлімдерде әлі бір әйел де өте қатал іріктеуден өтпеген.
Қазіргі таңда АҚШ әскерінде әйелдер шамамен 18%, бұл жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін, Германия армиясында әйелдер тек 13% ғана. Түркиядан басқа, НАТО елдерінің барлық армиясында әйелдер әскери қызметке қабылданады.
Айта кетелік АҚШ әскерилері Гренландияны сатып алуы мүмкін екенін жазған едік.