АҚШ ашық чемпионаты: Юлия Путинцева жарыс жолынан шығып қалды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемнің 38-ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 108-ракеткасы, германиялық Юле Нимайермен шеберлік байқасты.

Германия спортшысы 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 25 минутқа созылған кездесуде Нимайер 5 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Путинцева 2 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Ю.Нимайер үшінші айналымда ресейлік Анастасия Потапова немесе қытайлық Синвэнь Женнің біреуімен кортқа шығады.

Осылайша, АҚШ ашық чемпионатында жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан теннисшілерінің АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар