АҚШ әскері Ауғанстанда әлі кем дегенде 10 жыл болады
Бұл ретте, ол АҚШ әскері миссиясының Ауғанстанда болуының мақсаты мен міндеті үлкен маңызға ие екендігін атап өтті. «Біз келесі қадамымызда сақ болуымыз қажет», - деп ескертті сенатор. Оның пайымынша, Кабулдағы билікті күшейтудің және Ауғанстан тағдыры үшін жауапкершілікті өздеріне тапсырудың жолдарын іздестіру керек.
АҚШ қыркүйек айында Ауғанстанға қосымша 3 мыңнан астам әскери қызметшіні аттандыру шешімін қабылдады. Осылайша, жуық арада Американың ауған еліндегі әскери контингентінің саны 14 мың адамға жуықтамақ.
АҚШ Ауғанстандағы аталмыш әскери операцияны 2001 жылдың күзінде бастаған болатын. 2011 жылы Ауғанстандағы америкалық әскерилердің саны 101 мың адамды құрады. Осы уақытқа дейін АҚШ-тың 2 мыңнан астам әскери қызметшісі қаза болып, 17 мыңы жараланды.