АҚШ әскери базасы Бішкектегі қызметін тоқтата бастады

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда АҚШ әскери-әуе базасындағы «Манас» транзиттік тасымалдау орталығы (ТТО) ынтымақтастық және қауіпсіздік бөлімін ресми түрде жапты.

АҚШ әскери базасы Бішкектегі қызметін тоқтата бастады

ТТО жұртшылықпен байланыс бөлімінің басшысы Макс Диспейн хабарлағандай, Бішкектің халықаралық әуежайында АҚШ ӘӘҚ отын-май құю ұшағын соңғы рет қондырды. Енді Ауғанстанға ұшатын ұшаққа май құю тоқтатылды. Бұдан былай Қырғызстандағы әскери базаға керек-жарақпен жабдықтау және демалу үшін Ауғанстаннан АҚШ-қа бара жатқан ұшақтар ғана қонады.

М. Диспейннің айтуынша, 6 наурыздан бастап ТТО шатырлары біртіндеп жинала бастайды. АҚШ базасы Қырғызстан аумағынан 2014 жылғы 11 маусымға дейін көшіп болуы тиіс. «Манастың» орнына АҚШ Румыния аумағындағы базаны пайдаланбақ.