АҚШ әскери операцияларды қаржыландыруды жалғастырады

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - АҚШ-тың жоғары қаржы зәрулігі Америка Құрама Штаттарының шетелдердегі әскери операцияларын қаржыландыруды жалғастыруға ешқандай да кедергі жасамайды,

АҚШ әскери операцияларды қаржыландыруды жалғастырады

деп хабарлайды Біртұтас Ресей порталы.

«Өкілдер палатасы тек кеше ғана шет елдердегі операцияға, басқаша айтқанда, Ирак пен Ауғанстанға 118 миллиард доллар (2012 жылғы қаржы жылы) бөлді. Ливия жағдайында... қазіргі уақытта біз 750 миллион доллар жұмсадық, бірақ, біз бұл қаражатты табамыз. Біздің шетелдік операцияларға келетін болсақ, біздің елдің бюджет мәселелеріне және бюджет зәрулігіне бұның ешқандай да әсері болмайды», - деп мәлімдеді Қорғаныс министрі Роберт Гейтс.

Оның түсіндіруінше, шет елдердегі операцияларға кететін ақша шығындары өзге бөлек қордан төленетін көрінеді. 2011 жылғы қаржы жылының қорытындысы бойынша АҚШ бюджет тапшылығы, болжам бойынша, 1,5 триллион долларды құрайды.