АҚШ Әскери-теңіз күштерінің екі кемесі Тынық мұхитында соқтығысып қалды

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - АҚШ Әскери-теңіз күштерінің (ӘТК) екі кемесі Тынық мұхитында соқтығысып қалды.
None
None

Бұл туралы Associated Press-ке сілтеме жасап, РосБизнесКонсалтинг хабарлайды.

Оқиға 16 мамыр күні Калифорния жағалауының оңтүстігіне қарай 190 шақырым жерде болды. «Эссекс» әмбебап десанттық кеме мен «Юкон» май құюшы-танкері соқтығысты, кеменің екеуі де АҚШ ӘТК-нің үшінші флотының иелігінде.

Соқтығысу салдарынан екі кемеге де болмашы зақым келді, зардап шеккендер жоқ. Соққыдан жанармайдың сыртқа ағуы орын алған жоқ.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілдері соқтығысу «Эссекстің» басқару жүйесіндегі ақаулықтардан болғанын мәлімдеді. «Эссекс» әмбебап десанттық кемесі 12 жылдық қызметтен кейін жапондық Сасебо портынан Сан-Диегоға жол жүрген болатын.

«Эссекс» әмбебап десанттық кемесі Wasp типті кеме болып табылады. Бұл сериядағы кемелер құрлықтағы әскерлерді түсіру үшін жобаланған және бұл тип бойынша әлемдегі ірі кеме. Ұзындығы - 260 метр.

Соңғы жаңалықтар