АҚШ әскерилері мұсылмандар үшін темекісін тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бахрейндегі АҚШ әскери-теңіз күштері басшылығы Рамазан айының келуіне байланысты өз әскери қызметшілеріне қалыптасқан өмір салтын өзгертуге бұйырды, деп хабарлайды ummet.kz.
АҚШ әскерилеріне ораза ұстау міндеттелмегенімен, сәйкесінше олар әскери база төңірегінен тыс жерлерде күндізгі уақытта ішіп-жеу мен темекі тартудан тыйылады.
Бұған қоса, әскери басшылық Рамазан айы кезінде әскери қызметшілер қоғамдық орындарда қысқа киім мен шортылар кимеулерін де талапқа енгізді.